Қазақстандық жасөспірім үстел теннисінен халықаралық турнирде алтын медаль алды

Дженин (Ливан) қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Jezzine халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

11 жасқа дейін жас санатында Қазақстан атынан шыққан қарағандылық Мария Лукьянова үздік шығып, алтын медаль жеңіп алды.

13 жасқа дейінгі спортшылар арасында Дарья Фу (Қарағанды), Айназ Әділгереева (Алматы), Мария Лукьянова (Қарағанды) ширек финалға шыққан болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте