ЕҰУ түлегі Google компаниясынан жұмысқа шақырту алды

Әли Жүсіпов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша тәмамдады. Ол Google компаниясынан шақыру алып, биылғы қыркүйек айынан Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі басасөз қызметті.

Әли бұған дейін Яндексте тағылымдамадан өтіп, сонымен қатар «Сбер» компаниясында бағдарламашы-әзірлеуші ретінде өзін дамытып үлгерді.

Дарынды студент ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыстарда жеңімпаз атанып, сондай-ақ шахмат пен баскетболға әуес болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте