ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жаңа ұлттық жобалардың тізбесін айқындау жөнінде кеңес өткізді.
Жиында сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қызметін қайта форматтау, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындау, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың ірі инвестициялық жобаларын іске асыруға арналған ашық халықаралық конкурстарды енгізу мәселелері қаралды.
Оған орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдері қатысты.
Мәселен, ұлттық жобаларды әзірлеу кезінде олардың өлшемшарттары, мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару бойынша жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы қалыптастыруды дайындау, жүргізілген талдау нәтижелері, оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға ашық халықаралық конкурстар өткізудің зерделенген халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қызметін қайта форматтау тәсілдері талқыланды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Вам может быть интересно: «Әлихан Смайылов заңнаманы бизнеске қойылатын артық талаптардан «тазартуды» тездетуді тапсырды»