Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтады

Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика, «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

«Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Сонымен қатар, бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр», - деді Мемлекет басшысы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте