Президент шетелдік миссия басшыларын «Самұрық-Қазынамен» белсенді іс-әрекет жасауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде оларды «Самұрық-Қазына» қорымен белсенді іс-әрекет жасауға шақырды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент шетелдік миссия басшыларын 70 миллиард доллар көлемінде активі бар әлемнің 30 ірі тәуелсіз қорының қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» қорымен өзара белсенді іс-әрекет жасауға шақырды.

"Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін кешенді түрде трансформацияланып жатыр. Осы ретте Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру – негізгі бастамалардың бірі. Ұлттық мұнай компаниясы, әуекомпаниясы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады. Мұнай саласындағы жетекші «ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл күзде Қазақстанда IPO өткізеді», - деді Президент.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте