Тау арқарын сойып алған түркістандық қойшы тергеуге алынды

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тау арқарын сойып алған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктіні Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері экологиялық қылмыстардың алдын алу бағытындағы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұстаған.

Табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны Алмас Серіков күнделікті жұмысын атқару кезінде таулы аймақта салт аттыны байқап, оны тоқтатып, не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Тұрғынның күмән тудырған қабынан жаңа сойылған аң ұшасы табылып, тәркіленеді. Сараптама тағайындалады.

Күдікті жауап беру барысында қаптағы еттің арқардікі екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын жеткізеді. Анықталғандай, мал бағып жүрген жас жігіт жануарды иттерінің көмегімен ұстап алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте