Қазақстан жаңалықтар
3 ноября 2022, 18:10
ҚР ИИМД: Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны өседі
2023 жылғы 3 қаңтардан бастап «Qatar Airways» катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады, ortcom.kz деп хабарлайды.
Сонымен қатар, «Qatar Airways» әуекомпаниясы 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Катар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Вам может быть интересно: «Польша построит заграждение на границе с Калининградской областью»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes