Шымкентте ҚР Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлермен ШОБ-ты дамыту мәселелерін талқылады
Шымкентке жұмыс сапары барысында Ә.Қуантыров «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлік палатасының алаңында жергілікті кәсіпкерлерімен кездесті. Шара барысында қатысушылар бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарын білдіріп, алаңдататын мәселелерімен бөлісті.
Атап айтқанда, ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына қосылған құн салығын төлеу бойынша преференциялар беру, жаңа кәсіпкерлер үшін кепілсіз кредит беру түрлерін қарастыру, сондай-ақ заианауи форматтағы сауда объектілерінің құрылысын субсидиялау, тарифтік жүктемені төмендету, ШОБ субъектілерінің салық міндеттемелері және қаржылық қолдау алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары туралы сөз қозғалды.
Ә.Қуантыров барлық айтылған ұсыныстар мен проблемалар бойынша министрліктің ұстанымын белгілеп, ведомство құзыретіне жатпайтын мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жолдайтынын атап өтті.
Бұдан әрі ҰЭМ басшысы азаматтардын жеке қабылдауын өткізді. Өз мәселелерін шешу үшін негізінен бизнес өкілдері келді. Олар арнайы экономикалық аймақтар аумағында пайдалануға берілгеннен нысандарды жеке меншікке сатып алу құқығын беру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ, басым қызмет түрлерінің тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін сатудан алынған кірістер бойынша корпоративті табыс салығы сомасын 100 пайызға азайту бөлігінде, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алынған субсидиялар нәтижелері және валютаны айырбастау бойынша ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізуді сұрады.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Табиғи монополиядарды реттеу комитетінің қалалық департаментінде болып, ұйымның ағымдағы жұмысымен танысты. Ә.Қуантыров тариф белгілеу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Соңында министр «Даму» Қорының жергілікті филиалында болып, ұйым жұмысымен танысты.
Вам может быть интересно: «Рост потребительских расходов в США превзошел ожидания»