Қазақстан жаңалықтар
27 Октября 2022, 12:48
Ауылда сұйық май қалаға қарағанда көп тұтынылады – статистика
Қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.
«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған.
Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады», - делінген ведомство мәліметінде.
Биылғы қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.
Өңірлер арасында майдың ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелсе, ең арзан баға Өскемен қаласында литрі үшін 743 теңге.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes