Қазақстан жаңалықтар
26 Октября 2022, 22:44
Алматы спорт басқармасынан ұрланған 367 млн теңге бойынша істі тергеу аяқталды
Алматы қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және басқа адамдарға қатысты 367,5 млн теңге ұрлау фактісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде. Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Е. Бабақұмаров осы қылмыстық іс бойынша күдікті емес. Одан ақшалай қаражат бөлу және «Спорттық Алматы» кешенді қалалық бағдарламасын іске асыру мән-жайлары бойынша куәгер ретінде жауап алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.
Вам может быть интересно: «Около 567 млн тенге выплатили владельцам поврежденных при январских событиях авто в Алматы»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes