Алматы облысында мүгедектігі бар балаларды бейімдеу орталығы ашылды

Алматы облысында республикалық «Zhas Project» жобасы аясында мүгедектігі бар балаларды бейімдеу орталығыжұмысын бастады, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды бейімдеуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығы Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан. Оны бұрынғы спортшы Анастасия Ряполова грант аясында ашты.

«Спортпен кәсіби тұрғыда 10 жыл бойы айналысып келемін. 2 топтағы мүгедек бола тұра мен бейімдеу спорты адамдардың алдында жаңа мүмкіндіктерді ашатынына, төзімділікке, өмірден ләззат алуға, қорқыныш пен ұяңдылықты жеңуге үйрететініне көз жеткіздім», - дейді Анастасия Ряполова.

Айта кетсек, «Zhas Project» жобасы әлеуметтік осал топтардағы жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға, сондай-ақ жергілікті жерлерде бизнес-идеяларды қолдауға бағытталған. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылады. Осылайша, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарында 252 бастамашыл топ 1 млн теңгеге дейінгі грантқа ие болып, өз идеяларын іске қосуға кірісті. Гранттық жобаның 25-сін Алматы облысының жастары, 38-ін Жетісу облысының жастары жүзеге асырып жатыр.

Бұған дейін хабарланғанындай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі 12 мың адам кәсіп бастау үшін мемлекеттік грант алғанын мәлім етті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте