Министрлік коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтерді айтты

24 қазан күнгі бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирус 17 адамнан анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

25 қазандағы мәлімет бойынша, коронавирустан 910 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирус инфекциясынан 749 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 161 (КВИ-) адам ем қабылдауда.

97 пациент стационарда жатса, 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Министрлік дерегіне сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 841 936 адам, II компонентін 10 602 870 адам салдырды. Ревакцинациядан өтті – 5 599 079 азамат.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте