Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болған Пәкістанның төрт азаматы ұсталды, деп хабарлайды  Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Бірлескен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде шекарашылар мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтпек болған төрт шетелдікті ұстады.

Комитеттің мәліметінше, төртеуі де - Пәкістан азаматтары.

Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте