Алматы ЖЭО-2 тендерлік рәсімдерге дайындалуда

Алматы ЖЭО-2 алаңында жабдықтарды жеткізуге, жаңа газ станциясын жобалауға және салуға мердігер халықаралық қаржы институттарының қағидаларына сәйкес өткізілетін екі кезеңді ашық халықаралық тендердің нәтижелері бойынша айқындалатын болады. Бұл туралы бүгін Дөңгелек үстелде айтылды, онда Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) және Азия даму банкінің (АДБ) өкілдері, жұртшылық және экологтар «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасының бірқатар аспектілерін бірлесіп талқылады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, конкурс ашық, айқын, халықаралық стандарттарға толық сәйкес өтеді.

Кредиторлардың тәуелсіз консультанты Александра Леманның айтуынша, Дөңгелек үстел жобаны бекіту бойынша міндетті халықаралық банктік рәсімдер шеңберінде өткізілген. Іс-шарада жұртшылыққа Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасының ағымдағы мәртебесі бойынша: экологиялық ортаға және әлеуметтік салаға тигізетін әсерге; осы әсерлерді барынша азайту үшін жоспарланған алдын ала анықталған әсерлер мен іс-шараларға бағалау жүргізу; жобаның әлеуетті кредиторлары - ЕҚДБ және АДБ талаптарына сәйкестігін талдау нәтижелері бөлігінде ақпарат ұсынылды.

Талқылауларда сондай-ақ әсерлерге бағалау жүргізудің одан әрі қарайғы қадамдары, әзірленген құжаттардың электрондық және баспа түрінде қолжетімділігі, сондай-ақ ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасын әзірлеу мен іске асыруға байланысты мәселелерді, ұсыныстарды беру тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Экологиялық құрамдас бөлікке қатысты жобаның Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың неғұрлым қатаң талаптарына сәйкестігі атап өтілді, бұл:

- зиянды заттардың шығарындыларын 93% - ға азайту%;

- қалқыма бөлшектер мен күкірт тотықтары шығарындыларының құрамынан күл-қож қалдықтарының түзілімдері мен көмбелерін алып тастау;

- агрегаттардың дыбыссыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Бұл, жиналып келгенде, станцияның қоршаған ортаға және Алматы агломерациясының тұрғындарына әсер ету аймағын қысқартады.

Тариф белгілеу мәселесі талқылаудың жеке тақырыбы болды. Жалпы көпшіліктің пікірі бойынша, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру, кем дегенде, көмірді газға ауыстыру себебінен тарифтің өсуіне әкеледі. Бірақ талқылау барысында атап өтілгендей, Алматы ЖЭО-2-нің иесі «АлЭС» АҚ тарифі Алматы қаласындағы жылу энергиясының екінші жеткізушісі – Алматыжылукоммунэнерго тарифі деңгейінде болады деп болжануда.

Жоба бойынша әлеуметтік мәселелерге, соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқа еншілес ұйымдарындағы, Алматы қаласының кәсіпорындарындағы персоналды қайта даярлау, жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше мән берілмек. ЖЭО-2 қызметкерлерін жұмыспен қамтудың басқа нұсқалары да қарастырылуда. Станция қызметкерлерінің айтуынша, биылдың өзінде бу-газ қондырғыларының (БГҚ) жабдықтарын зерделеу мақсатында персоналды даярлау жұмыстары басталды.

Анықтама:

«Алматы ЖЭО-2 нысанын қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, жаңғырту» жобасы Алматы ЖЭО-2 алаңында қуаты 600 МВт дейінгі газ турбиналық технологияларды пайдалана отырып, жаңа станция салуды көздейді. Нысанды толық пайдалануға беру мерзімі - 2026 жылғы желтоқсан. Жобаның мақсаты: станцияны табиғи газға көшіру арқылы Алматы қаласының экологиялық жағдайына теріс экологиялық әсерді азайту, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы өңірінің жүктеме кестесіне сәйкес жылу және электр энергиясымен сенімді де үздіксіз жабдықталуын қамтамасыз ету. А. Жақұтов атындағы Алматы ЖЭО-2 нысаны «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) құрылымына кіреді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте