Қазақстан жаңалықтар
22 октября 2022, 12:04
Коронавирус пен пневмонияға тағы 46 адам шалдықты – министрлік
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 34 адам шалдықты. Сондай-ақ 12 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 22 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 972 адам ем қабылдауда, оның ішінде коронавирустан –812 (КВИ+) пневмониядан 160 (КВИ-) адам. 100 пациент стационарда жатса, 872 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes