Бір күнде тағы 51 адам коронавирусқа шалдықты

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 51 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

20 қазандағы мәлімет бойынша, 971 адам коронавирус инфекциясынан (–827+ және 144 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 107 пациент стационарда, ал 864 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқасқа ӨЖЖ аппараты қосылған.

Сондай-ақ, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 10 840 776, II компонентімен 10 601 392 адам егілді. Ревакцинацияланды – 5 587 083 адам.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте