Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келді

 Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бірқатар халықаралық іс-шараға қатысу үшін Астана қаласына келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Ресей президентін елорда әуежайында ҚР премьер-Мминистрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады. 11 мемлекет басшысы бас қосатын саммит АӨСШК құру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылған.

Сонымен қатар, РФ Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтіліп отыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте