ҚТЖ-ны ұлттық транзиттік-логистикалық компанияға трансформациялау қалай жүріп жатыр
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ны ұлттық транзиттік-логистикалық компанияға трансформациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Үкімет баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ҚТЖ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев компанияның логистика сегментінде, атап айтқанда, халықаралық транзиттік маршруттар мен өңірлік сауда хабтарын дамыту жөніндегі қызметін кеңейтетін трансформациялау жоспарын таныстырған.
ҚТЖ теміржол, авто және теңіз көлігін тарта отырып, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырумен, сондай-ақ терминалдар желісін дамыту нәтижесінде шетелде жүктерді жинақтау орындарында логистикалық қызмет көрсетумен айналысады.
Бұл трансұлттық көлік дәліздерінің дамуына, жаңа логистикалық тізбектердің қалыптасуына серпін береді және отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп күтіліп отыр.
Сондай-ақ компания өзінің негізгі қызметінің тиімділігін жақсарту жұмысын жалғастырады.
Премьер-Министр ҚТЖ-ны трансформациялау тәсілдерін мақұлдап, қолданыстағы коммерциялық бағыттарға талдау жүргізуді және өңірлік сауда хабтарын дамыту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.
Вам может быть интересно: «ООН: российские удары по Украине – недопустимый акт эскалации»