Қазақстан жаңалықтар
6 октября 2022, 18:55
Алматы облысының прокурорлары миллиардтаған теңгеге жер қойнауын пайдалану саласындағы бұзушылықтарды анықтады
Алматы облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс полиция Департаментімен бірлесіп заңсыз карьерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.
Қазіргі уақытта нарықта одан әрі сату үшін пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген осындай 3 карьердің қызметі тоқтатылды, аталған қызметтен жалпы шығын 1 млрд. теңгеден асты.
Барлық фактілер бойынша облыс полиция Департаменті ҚР ҚК 334-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, жедел-тергеу тобы құрылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, оның нәтижелері бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Вам может быть интересно: «В Кыргызстане предложили изменить государственные символы и гимн»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes