Қазнетке хакерлер шабуыл жасады

Интернеттің қазақстандық бөлігіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жасалып жатыр, деп хабарлайды «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметі

Оның салдарынан интернетке қосылуда кідіріс орын болып жатыр. «МТҚ» АҚ ұзақмерзімді кибершабуылдар елде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғаларға байланысты деп болжайды.

«Егер сіз ақпараттық қауіпсіздік оқиғасына тап болсаңыз, 1400 (24/7) тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы мамандарға хабарласуыңызды немесе Telegram чатына өтінім жіберуіңізді сұраймыз» деп ескертеді кәсіпорын.

Еске сала кетсек, ҚазАқпарат бұған дейін компанияның байланыс операторларымен бірлесіп, жүйені оңтайландыру бағытында техникалық жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте