Қазақстан жаңалықтар
28 сентября 2022, 09:47
Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет пен нанға жұмсайды – статистика
Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет және ет өнімдеріне, нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы II тоқсанда былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіштері төмендеген.
Қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға кеткен қаражатының көп үлесі өткен жылғыдай ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.
Ет және ет өнімдерін ең көп Ақмола облысында тұтынатын болса, ең аз тұтынатын өңір – Шымкент қаласы.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes