Меморгандар мемлекеттік бақылаудың жаңа автоматтандырылған жүйелерін таныстырды

Бүгін Үкіметтің цифрлық кеңсесінде мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Отырыс барысында Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктері тексеру кестелерінің автоматтандыру прототиптерін ұсынды. Мамандардың айтуынша, жүйе адамның қатысуынсыз қалыптасады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, АШМ, ЭГТРМ желісі бойынша цифрландырудың проблемалық мәселелері талқыланып, өзара қолайлы шешімдер табылды.

Кеңес қорытындысы бойынша бұл мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Болашақта аталған жиындар кесте бойынша өткізілетін болады. Кеңестерде жекелеген мемлекеттік органдардың есептері тыңдалып, туындаған мәселелер кеңінен талқыланады деп жоспарлануда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте