Әлихан Смайылов БАӘ-нің ірі басылымдарының біріне сұхбат берді

Біріккен Араб Әмірліктеріне алғашқы ресми сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың «Әл-Иттихад» газетінде сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарына тоқталып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың өсу қарқыны туралы айтты.

«Экономиканың түрлі секторларында өзара тиімді мүмкіндіктердің барын көріп отырмыз және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға екі елдің іскер топтарын ынталандыруға ниеттіміз», – деді ол.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстанның ұлтаралық келісімді нығайту және COVID-19 пандемиясының экономикалық салдарымен күрес жөніндегі қадамдары туралы айтып берді.

Анықтама: «Әл-Иттихад» - БАӘ-де араб тілінде күн сайын шығатын басылым. Таралымы 100 000 данадан асады. Алғашқы саны 1969 жылы шыққан, ал 1972 жылдан бастап күн сайын жарық көреді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте