Қазақстан жаңалықтар
19 сентября 2022, 22:44
Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі Goldman Sachs банкінің өкілімен кездесті
Қазақстан Үкіметі инвестжобаларды жүзеге асыруда америкалық іскер топтарды қолдауға дайын - президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсонмен басталды, деп хабарлайды БОРТ №1 Телеграм-арнасы
Әңгімелесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта бұл банк «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан.
Сондай-ақ энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes