Алматының Саин көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді
Алматыда Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Алматы Қалалық мобилділік басқармасы.
Саин көшесінің келесі бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Саин көшесінің Шығыс бетінде солтүстік бағытта Шаляпин көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігі - 19 қыркүйек сағат 21:00 мен 20 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Батыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін - 20 қыркүйек сағат 21:00 мен 21 қыркүйек сағат 06:00 аралығында және 21 қыркүйек сағат 21:00 мен 22 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
- Саин көшесінің Шығыс бетінде Жандосов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі бөлігі - 23 қыркүйек сағат 21:00 мен 24 қыркүйек сағат 06:00 және 24 қыркүйек сағат 21:00 мен 25 қыркүйек сағат 06:00 аралығында;
«Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»