Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына басшы тағайындалды

Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Рамиль Досмағанбетов тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Рамиль Майшұланұлы 2004 жылы Еуразия ұлттық университетін және 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы астанадағы Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы болып бастаған.

2008-2016 жылдары аралығында елордадағы Алматы аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Алматы ауданы әкімінің бас инспекторы, 2018-2019 жылдары Байқоңыр аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2019-2021 жылдары аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте