Коронавирус бойынша бір тәуліктегі мәліметтер жарияланды

Өткен тәулікте елімізде коронавирус 197 адамнан анықталды. Онымен бір мезгілде 398 науқас аталған індеттен сауығып шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметі.

Коронавирус науқастары анықталған өңірлер: Нұр-Сұлтан қаласы (35), Алматы қаласы (17), Шымкент қаласы (1), Ақмола облысы (21), Ақтөбе облысы (5), Алматы облысы (1), Жетісу облысы (1), Атырау облысы (4), Шығыс Қазақстан облысы (3), Абай облысы (4), Жамбыл облысы (1), Батыс Қазақстан облысы (17), Қарағанды облысы (41), Ұлытау облысы (2), Қостанай облысы (17), Қызылорда облысы (1), Маңғыстау облысы (4), Павлодар облысы (8), Солтүстік Қазақстан облысы (13), Түркістан облысы (1).

Инфекциядан 398 науқас жазылып шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 28, Алматы қаласында - 32, Алматы облысында - 5, Жетісу облысында - 6, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 12, Жамбыл облысында – 24, Батыс Қазақстан облысында - 70, Қарағанды облысында - 25, Ұлытау облысында - 4, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 28, Павлодар облысында - 43, Солтүстік Қазақстан облысында - 116.

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 391 932 адамнан анықталса, соның ішінде 1 363 356 науқас сауығып шықты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте