Алматыда әдейі өрт қойып жүрген адамның өрт сөндіруші екені анықталды
Алматы маңында құрғақ шөптерге әдейі өрт қойып жүрген адам қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі екені анықталды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, 7 қыркүйекте YouTube-тегі каналдардың бірінде видеоролик орналастырылған. ҚР ТЖМ соған қатысты тексеру жүргізген.
«Видеороликте өрт қойғандардың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Утеулиев деп айтылған. Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Утеулиев. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Ж.Утеулиевті Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі және 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген министрлік хабарламасында.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»