Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру туралы есебін тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады.

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады.

Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды.

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Президент Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте