Қазақстан жаңалықтар
7 сентября 2022, 18:10
Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігі 3 күн түнгі уақытта жабылады
Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігі 7-10 қыркүйек күндері түнгі уақытта жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.
«Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7-10 қыркүйек күндері сағ 21:00 - 06:00 аралығында, яғни түнгі уақытта Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі», - делінген басқарма хабарламасында.
Аталған аумақта орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes