ҚР СІМ басшысы Эр-Риядқа сапары барысында ОА және ПШАМЫК бірінші министрлік кездесуіне қатысады
«Самұрық-Қазына» табысының кем дегенде 7%-ы «Қазақстан Халқына» қорына аударылатын болады - Қуантыров
Ү.ж. 6-8 қыркүйек аралығында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) жұмыс сапарымен болады, деп хабарлайды ortcom.kz.
Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі А.С. Смадияровтың БАҚ өкілдеріне өткізген брифингіде мәлім болды.
Сапар барысында Министр Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Катар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті кіретін «Орталық Азия елдерінің және Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші министрлік кездесуіне қатысады.
Іс-шара аясында қатысушылар өзара іс-қимылдың түрлі салаларындағы өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды. Оның қорытындысы бойынша саясат пен қауіпсіздік, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ және әлеуметтік мәселелер, жастар мен спорт, көлік, су ресурстары және энергетика сияқты салаларды қамтитын 2023-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын қабылдау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы басшысының Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен және араб елдерінің бірқатар жетекші компанияларының өкілдерімен кездесулері жоспарланған.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»