Руслан Баймишев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Үкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының м.а., директоры;
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.
Вам может быть интересно: «NYT: США ввели ограничения на продажу чипов в Россию и Китай»