Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды» делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл лауазымға Дархан Сатыбалды тағайындалғанын хабарлаған едік.
Түркістан облыстық мәслихат сессиясында бұл қызметке қос бірдей кандидат ұсынылды. Оның бірі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды, екіншісі Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков болды.
Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бері Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ал, биылғы жылдың 24 тамызында отставкаға өтініш берді. Оған басты себеп, 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы болды.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»