Жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатылмайды - елорда әуежайының әкімшілігі

Елорда әуежайы жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатпайды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ жергілікті және шетелдік тасымалдаушыларға аэродром мен жерүсті қызметтерін көрсетеді. Сонымен қатар, әуе жанар-жағар майын сатады. Бұл ретте әуежайдың жолаушылар рейстерін керосинмен қамтамасыз ету үлесі 3 пайызға да жетпейді. Әуежай жүк және санаулы чартерлік рейстерге ғана авиациялық керосин сатады. Негізгі әуе компаниялары (Air Astana, Scat және басқалары) өздерінің авиациялық керосиндерін құяды», - деп атап өтеді елорда әуежайының баспасөз қызметінен.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, әуе билеті бағасының қалыптасуы әуежайдың құзіретіне кірмейді. Бұл ақпаратты ұшақтарына өздерінің авиациялық керосинін құятын әуе компаниялары ғана бере алады. Әуежай жолаушылар рейстеріне авиациялық керосин сатпайтындықтан, сатылған билеттердің құнына әуежайдың басқа рейстерге сатқан керосин бағасы еш әсер етпейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте