Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қала тұрғындарының өтініші бойынша ұзартылды

Елордада Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қала тұрғындарының өтініші бойынша жәрмеңке 30 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Түркістан облысының 70-тен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері 535 тонна өз өнімдерін ұсынды, оның ішінде ет және ет өнімдері, көкөністер, картоп, сүт, нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен бақша өнімдері, бал, жеміс шырындары, консервіленген өнімдер, жұмыртқа бар. Мұның бәрін дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 15-20% төмен бағамен сатып алуға болады.

Жәрмеңке 29 тамызға дейін созылуы керек еді, бірақ қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша іс-шара тағы 30 тамызға дейін ұзартылды (жәрмеңке дүйсенбіде болады).

Жәрмеңке "Барыс Арена" мұз сарайының аумағында өткізіледі.

Мұндай жәрмеңкелер бірнеше өзекті мәселелерді шешеді, атап айтқанда:

- өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы делдалдарды алып тастайды;

- тауар өндірушілердің өнімін өткізудің қосымша нарығымен қамтамасыз етеді;

- делдалдарды алып тастау есебінен өнімнің бағасы төмендейді және халық үшін сапалы азық-түліктің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Келесі болып өз өнімдерін Жамбыл облысының кәсіпкерлері - 3 және 4 қыркүйекте ұсынады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте