Нұр-Сұлтанда ашылған жаңа мешітке автобус қатынайтын болды

№43 автобус бағытын өзгертіп, Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады, деп хабарлайды «City Transportation Systems» компаниясының баспасөз қызметі.

«Құрметті №43 бағдар жолаушылары! 27 тамыздан бастап көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында №43 автобустың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз. Енді ол Мәңгілік Ел даңғылындағы жаңа мешітке дейін жүретін болады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылғаны хабарланған болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте