Абай облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы тағайындалды

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы лауазымына Айнұр Сұлтанова тағайындалды

Айнұр Оралқызы ШҚО Ұлан ауданында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің маманы болып бастады. ШҚО білім басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары ШҚО білім басқармасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жоспарлау, талдау және мониторингілеу, экономика, жоспарлау және болжау, мемлекеттік мекемені жоспарлау және талдау бөлімдеріне басшылық еткен.

2015-2017 жылдары – ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары, 2017-2020 жылдары – ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және талдау бөлімінің басшысы болды.

2020-2022 жылдары арылығында ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына басшы тағайындалғанын хабарлаған едік.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте