«Ақтөбе қаласында магистральдық газ бұру құбырының 3-ші желісін салу» ЖСҚ әзірленді

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласын 2 магистральдық газ құбыры:  жобалық өткізу қабілеті 80 мың м3/сағ, бұл ретте нақтысы 100 мың м3/сағ. құрайтын «Жаңажол-Ақтөбе» және 2 желінің жобалық өткізу қабілеті 448 мың м3/сағ құрайтын«Бұхара-Орал» газбен қамтамасыз етеді. Алайда, газ құбырының жоғары тозуына байланысты нақты өткізу қабілеті сағатына 360 мың м3 құрайды, - деп мәлімдеді Болат Ақшолақов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу барысында.

Үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ газға деген өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу мақсатында Ақтөбе облысының әкімдігі «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырынан «Ақтөбе қаласында магистральдық газ бұру құбырының 3-ші желісін салу» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі, жобаның жалпы құны - 43,4 млрд теңге.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде облыс әкімдігі 34,5 млрд теңге сомасына өтінім берді. Аталған бюджеттік өтінім қаралып, бюджеттік заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігіне жолданды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлік «QazaqGaz» ҰК АҚ-мен бірлесіп, «Жаңажол-Ақтөбе» магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу мәселесін қарастыруда. Оның ұзындығы 244 км, жобаның болжамды құны 120,3 млрд теңге.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте