28 тамыз, жексенбі күні кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде 600-ге жуық жапырақты ағаш отырғызылмақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ақпарат көзі кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын да мәлімдеген.
«Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. Бүгінгі таңда үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - делінген жазбада.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»