Үкімет үйінде елдің 2023-2027 жылдарғы әлеуметтік-экономикалық даму болжамы талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыс барысында 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.

Аталған тақырып бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов және тағы басқалар сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Үкімет отырысына шығару үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің даму болжамы мен бюджет параметрлерін пысықтауды тапсырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте