ҚР Қаржы мониторингі агенттігі дизель отынының заңсыз сатылғанын анықтады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мұнай өнімдерін заңсыз экспорттау мен алыпсатарлыққа тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыруда.

Жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оператордың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізуге арналған монополиялық жағдайын теріс пайдалану фактісін анықтады.

Мәселен, 2020-2021 жылдары жалпы көлемі 12,5 мың тоннадан астам төмендетілген бағамен дизель отынын алған ЖШС ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 10,3 мың тоннасын жеткізген. Ал қалған 2,2 мың тонна көлемінде дизель отынын ЖШС-ға тиесілі жанар-жағармай құю станциялары желісі арқылы сатып, 74,4 млн теңге қосымша кіріс алған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте