Отандық фармацевтика саласын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде

Президент отандық фармацевтика саласын дамытудың маңызды екенін айтты. Еліміздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17% ғана отандық өнім. 2025 жылы оны 50% жеткізу тапсырылды. Бұл тапсырма қалай орындалып жатыр? Қазақстандық дәрі-дәрмекті өндіру қанша пайызға жетті?
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер спикерлерге осындай сұрақ қойды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, Мемлекет басшысының Президенттің тапсырмасына сәйкес ДСМ «СК-Фармация» ЖШС-мен және басқа да отандық тауар өндірушілермен бірге осы тапсырманы орындау аясында жұмыс жүргізуде.

«Қазіргі таңда 2021 жылдың қорытындысы бойынша отандық тауар өндірушілердің үлесі 21-22% жетті. Жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, отандық тауар өндірушілермен «СК-Фармация» арқылы арнайы ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалады. Келісімшарт 10 жылдық мерзімге бекітіледі. Осы 10 жылдың шінде тауар өндіруші дәрі-дәрмегін шығарады және біз мемлекет есебінен оны бірнеше жыл бойы сатып алуға міндеттелеміз. Яғни, отандық тауар өндірушілерге өзі шығарған дәрі-дәрмек көлемін мемлекетке сатып, өндірісін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. ДСМ-мен осындай механизм енгізілген және ол соңғы жылдары өзінің өте жақсы нәтижелерін көрсетуде. Соның арқасында елімізді, пациенттерді отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудеміз», - деді спикер өз жауабында.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмек өндірісін дамыту оңай емес, бұл қиын технологиялық процесс. Сол себепті елімізге шетелдік белгілі, беделді компаниялар да тартылуда.

«Биг фарма» деп аталатын дәрі-дәрмек шығаратын «Топ-50» кіретін компаниялар бар, сол компанияларды өз өндірісін елімізде локализациялауға шақырамыз. Бұл мамандарға, зауыттарға жаңа технологияларды трансферттеуге, құрал-жабдықтарды алып келуге және қажетті инновациялық түпнұсқа дәрі-дәрмекті өзімізде шығаруға мүмкіндік береді. Осы мәселе бойынша бірнеше компаниямен келіссөз жүргзілді, арнайы бекітілген меморандум бар», - деді Байсеркин.

Тағы бір мәселе - кадр мәселесі, ғылымды дамыту мәселесі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Холдниг құрылды, оған да біршама міндет жүктелді. Холдинг отандық дәрі-дәрмекті, әсіресе отандық ғалымдар ойлап тапқан вакцина шығару бойынша жұмысты жалғастырады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте