Атырау облысында - жаңа прокурор

Атырау облысының жаңа прокуроры болып Бауыржан Жұмақанов тағайындалды.

Атырау облысы әкімдігінің активіне оны Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев таныстырды.

Бұған дейін Бауыржан Жұмақанов Атырау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Бауыржан Жұмақанов еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының құқықтық статистика органдарында бастаған.

Сыныптық шені-аға әділет кеңесшісі. Прокуратура органдарында 20 жылдан астам уақыт болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте