Талдықорғанда ІТ хаб құрылып, соның аясында ІТ мектептер ашылады

Талдықорғанда IT Hub құрылады. Соның аясында IT-мектептер ашылмақ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-маманын даярлау міндетін қойған болатын. Сондықтан жаңадан құрылатын технопарк заманауи құрылғылармен жабықталып, онда тиісті мамандар әзірленеді.

Жалпы IT-нарығының ауқымы жыл сайын артып, сала мамандарына сұраныс көбейіп келеді. Алдағы уақытта арнайы мектептер ашу жұмысы жанданбақ. Осылайша кадрлық мәселе біртіндеп шешіледі.

Сондай-ақ, министр Талдықорғандағы Полиция департаментінің жедел басқару орталығы жұмысын оң бағалады. Қауіпсіз қаланы қалыптастыруда бейнебақылау камераларының маңызы зор екенін айтты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте