2025 жылға қарай Алматы жолдарының 95%-ы жақсартылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы әкімдігінің Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан хабарлады.

Алматы қаласының көше-жол желісінің ұзындығы 3096 шақырымды құрайды, оның 234 шақырымы асфальтталмаған.

«Біз 2025 жылға қарай қаладағы жақсы жолдардың үлесін 95%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін 234 км жаңа жол саламыз, жыл сайын кемінде 200 км жолға орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады спикер.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте