Ярина Пуганцова таеквондодан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошы Ярина Пуганцова кадеттер арасында таеквондодан әлем чемпионатында екінші орын алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі

Ол 29 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын алды.

Спортшы төрт рет жекпе-жек өткізіп, үш рет жеңіске жеткен.

Өкінішке қарай, ақтық сында ирандық Баран Ливани Джамал біздің таеквондошыдан күштірек болды.

Осылайша, Пуганцова әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Еске салайық, әлем чемпионаты Софияда (Болгария) өтіп жатыр.

Жарысқа 77 елдің спортшысы қатысуда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте