Елімізде зергерлік бұйымдар мен сағаттар бір жылда 35% қымбаттаған

Биылғы жылдың маусым айында Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 1,8%, ал бір жылда 35,3% қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz сайты.

Оның ішінде алтын неке сақиналары жылына 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады.

Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен - бір жылда 61%. Қымбат бағалар «үштігінде» Алматы облысы (жылына 60,6%) және Нұр-Сұлтан (жылына 52,5%) қаласы бар.

Биылғы қаңтар–мамыр айларында зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді. Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда (43,3% немесе 207,3 млн теңге) шоғырланған. Алғашқы үштік қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар.

Жалпы, 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда екі есе көп.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте