Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық мәселелері мен алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі кездесулердің кестесін қарастырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте