Самара - Шымкент тас жолында аптап ыстықтан бетон жабыны көтерілді

Республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" а/ж, Түркістан қ.2234 км, Темірлан ауданы, Ауа температурасының көтерілуіне байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны көтерілді.

Қазіргі уақытта "ШымкентДорстрой ӨК"ЖШС мердігерлік ұйымымен ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде.

Экскаватор, каток, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған.

Күннің соңына дейін жол жүру толық қамтамасыз етіледі.

"Осыған байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол қозғалыс қауіпсіздігін сақтап жол белгілеріне назар аударып, жылдамдықты шектен асырмай мұқият болуларыңызды сұраймыз"- "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Түркістан филиалының хабарламасында айтылған. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте