Алматы қаласындағы Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы қаласындағы Жұмабаев көшесінде алдағы үш күнде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды  Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

«Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 шілде аралығында түнгі уақытта сағат 22:00 мен 08:00 аралығында Жұмабаев көшесінің Солтүстік айналма көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған» делінген хабарламада.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте